Түлектер


ҚОЖАМҚҰЛОВ ТӨЛЕГЕН ӘБДІСАҒИҰЛЫ

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының кеңесіші, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, 2015 жылғы ғылым және техника саласындағы ҚР Мемлекеттік премиясының лауреаты.

_______________________________________________________________________

Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы 1946 жылы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы, Алматы облысының Жамбыл ауданының Жамбыл атындағы ауылда дүниеге келген.

1962 жылы орта мектепті бітіріп, С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетіне түседі. Лениндік стипендиат болып оқып, ғылым, спорт және музыкамен белсенді айналысты.

1967 жылы университетті үздік бітіріп, И. Ф. Иоффе атындағы КСРО ҒА Физика-техникалық институтының аспирантурасына түсті (Ленинград қ.). Аспирантураны бітіргеннен соң 1970–1998 жж. А. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінде – ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, факультет деканының орынбасары және декан, «теориялық және эксперименталдық физика» - ҒЗИ-ның директоры қызметтерін атқарды.

1998- 2001 жж. – І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры.

2001- 2008 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның ректоры.

2008 ж. сәуірінен – ректордың кеңесшісі. ЭТФ ҒЗИ-ның ғылыми жетекшісі.

1986 ж. УКСР ҒА-ның Теориялық физика институтында (Киев қ.) КСРО-да тұңғыш болып «Калибрлік өрісті керегекөзде стохастикалық кванттау» атты керегекөзді калибрлік теория тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

1989 ж. Т. Ә. Қожамқұловқа профессор ғылыми атағы берілді.

1994 ж. Жоғары мектеп халықаралық академиясының академигі болып сайланды.

2004ж. – құрметті, ал 2008ж. – ҚР Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі (академигі).

2002-2012 жж. – Төралқа мүшесі, ал 2005-2012 жж. ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті.

1996 ж. ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» атағы берілді. Білім, ғылым, мәдениет және спорт салалары бойынша сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасының және шетелдердің медальдарымен марапатталған.

2003 ж. Нобель сыйлығының иегері П. Л. Капица (Мәскеу қ.) атындағы «Ғылыми жаңалық ашқан авторға» Естелік медалімен марапатталды.

Шығармашылық, ғылым, мәдениет, спорт, ұлттың рухани, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан өзіндік үлесі үшін Шығармашылық халықаралық академиясының құрмет белгісімен (№ 27) марапатталды (Париж қ.).

2004 ж. ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекет алдында сіңірген еңбегі үшін Т. Ә. Қожамқұлов «Парасат» орденімен, ал 2014 жылы ІІ дәрежелі Барыс орденімен марапатталды.

Т. Ә. Қожамқұлов – Алматы облысының (2001 ж.) және Жамбыл ауданының (2006 ж.) Құрметті азаматы, сондай-ақ Аризона штаты Туксон қаласының Құрметті азаматы (АҚШ, 2007 ж.).

 

 

   ЧЕЧИН ЛЕОНИД МИХАЙЛОВИЧ

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік премиясының лауреаты (2015 ж.).

_______________________________________________________________________

Л. М. Чечин 1949 жылы 06 наурызда Украинаның Черновцы қаласында дүниеге келген. 1950 жылы оның ата-анасы Алматыға қоныс аударады. Ол 1966 жылы Алматы қаласының № 36 орта мектебін күміс медальмен бітіреді. 1966-1971 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінінде білім алып, теориялық физика кафедрасында мамандандырылды. Ал 1972-1974 жылдар аралығында болашақ профессор М.М.Абдильдиннің жетекшілігінде сол кафедраның аспирантурасында оқыды. 1986 жылы Белорус мемлекеттік университетінде 01.04.02 – теориялық және математикалық физика мамандығы бойынша “Монадный подход к проблеме движения многих тел в общей теории относительности” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Ал 1994 жылы Томск мемлекеттік университетінде 01.04.02 – теориялық физика мамандығы бойынша “Движение тел в классических калибровочных полях” тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Л.М.Чечин диалектикалық логика бойынша белгілі отандық мектептің қайнар көзінің басында тұрған белгілі философ Михаил Никифорович Чечиннің семьясында өсті. (М.С.Бурабаев. Учитель философов Казахстана. / Алматы НИЦ, «Ғылым», 2003, 138 б.). Оның негізін қалаушылардың арасында атақты философ-академик Ж.М.Абдильдин де бар. Сондықтанда Л.М.Чечиннің ғылыми қызығушылығы М.М.Абдильдиннің ықпалымен қалыптасуы кездейсоқтық емес. Ж.М.Абдильдин көзқарастарының зор ықпалымен Л.М.Чечин ҚазКСР ҒА Философия және құқық институтының жаратылыстанудың философиялық мәселелері бөліміне келді. Бөлімді белгілі философ, болашақ академик А.Н.Нысынбаев басқарды. ҚазКСР ҒА ФҚИ-да Л.М.Чечин Ж.М.Абдильдиннің және А.Н.Нысынбаевтың жетекшіліктерімен қазіргі физикалық теорияның құрылу логикасымен, соның ішінде, жалпы салыстырмалылық теориясы зерттеулерімен айналысты. Эйнштейннің тартылыс теориясында қайшылық мәселелері. / «Материалистическая диалектика как методология современной физики». Алма-Ата, Наука, 1978, с. 78; Жалпы салыстырмалылық теориясы негіздері мәселелері. / «Диалектическая логика как методология современного естествознания», Алма-Ата, Наука, 1985, с. 99; Кеңістік, уақыт және тартылыс теориясы ретінде жалпы салыстырмалылық теориясы. / «Генезис категориального аппарата науки», Алматы, Ғылым, 1992, б. 241 жұмыстары зерттеулерінің нәтижесі болып табылады. Алайда, М.М.Абдильдинде тәрбиеленген Л.М.Чечиннің негізгі ғылыми қызығушылығы теориялық физика болды және солай болып қала береді. Осы ғылыми қызығушылықтардың саласын шартты түрде өзара байланысты үш бөлімге бөлуге болады: жалпы салыстырмалылық теориясында қозғалыс мәселесі, ерте Әлемнің ғарышнамасы және математикалық физика әдістері. Бірінші бөлім шеңберінде Л.М.Чечин релятивистік физикада қозғалыс мәселесіне бірыңғай тәсілдің кванттық емес нұсқасын ұсынды. Бұл идеяның маңыздылығы әртүрлі өрістер арқылы әрекеттес N – денелер кез-келген жүйесінің қозғалыс теңдеулері шешімдері мүмкіндіктерінде тұрады. Сонымен қатар, оның көмегімен қозғалыс мәселелеріндегі бірқатар қиындықтарды жеңілдетуі мүмкін болып көрінді, демек оны айтарлықтай алдыға жылжытады. Сонымен мысалы, бөлшектер жүйесіне бұл тәсілдің қолданылуы қозғалыс теңдеуінің көп нұсқалы әмбебап түрін негіздеуге мүмкіндік берді.

 

 

 

БУРТЕБАЕВ НАСУРЛЛА ТОХАНҰЛЫ

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Ядролық физика институты» РМК бас директорының орынбасары

_______________________________________________________________________

Буртебаев Насурлла С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Физика факультетін 1972 жылы бітірген. Университетте оқуын аяқтағаннан кейін ҚазКСР ҒА Ядролық физика институтына жұмысқа тұрған. Өзінің Институттағы ғылыми қызметін Ядролық процестер зертханасының аға лаборанты лауазымынан бастаған, қазіргі уақытта (2008 жылдың басынан бастап) Ядролық физика институты бас директорының ғылыми және әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары болып табылады. 01.04.16 – Атом ядросы және элементар бөлшектер физикасы мамандығы бойынша докторлық диссертациясын 2002 жылы қорғап шыққан. Физика профессоры атағы 2004 жылы берілген. Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі атағы 2011 жылы берілген.