Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасында «Technology for Everyday Life» атты 6-шы халықаралық семинар өтті.

16.06.2022

Көрулер: 1065

ISCTE - Instituto Universitário de Lisboa (ISCTE-IUL) - Португалиядағы мемлекеттік жоғары оқу орнының профессоры Октавиан Постолакенің ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен семинарға «Жасанды интеллект және Big Data» кафедра меңгерушісі ф.-м.ғ.к., доцент Мансурова М.Е., т.ғ.д., профессор Мурзабеков З.Н., т.ғ.д., доцент Бельгибаев Б.А., аға оқытушы Кунелбаев М.М., PhD Амирханова Г.А. және. Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушісі, профессор Кустубаева А.М., Врач-физиотерапевт, реабилитолог Ибраева О.Ш. және басқа да жиырмаға жуық оқытушылар қатысты.

ISCTE-Лисcабон университетінің институты ISCTE Ақпараттық ғылым және технологиялар кафедрасының профессоры Октавиан Постолаке «Smart Health: Smart Physical Rehabilitation Case study» тақырыбында баяндама оқыды.

«Қартаю проблемалары мен шешімдері»,

 

 

«S-денсаулық mHealth және ақылды қаланың өзара әрекеттесуі»,

«S-health үшін IoT технологиялары»                          

«Физиотерапияны бағалауға арналған S-денсаулық қолдауы»,

«Ақылды жүру құралдары»,

«M-health Wearable Sensing Solutions» деген тақырыптарға жеке тоқталды.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен Мансурова М.Е. «IoT based personalized mHealth Monitoring System», Кунелбаев М.М. «Analysis of the formation of homogeneous Fiber Bragg Gratings used a phase mask», Амирханова Г.А. «Tools and applications for Big Data analytics» тақырыптарында баяндамаларын ұсынды.