Жаңалықтар

Ақпараттық технологиялар факультетінде бірінші курсқа түскен студенттермен таныстыру және ұйымдастыру жұмыстары

30.08.2018

28.08-9.09.2018 аралығында Ақпараттық технологиялар факультетінде бірінші курсқа түскен студенттермен таныстыру және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Бір аптаға жалғасқан маңызды шараларға факультет деканы У.А.Тукеев пен оның орынбасарлары, кафедра меңгерушілері мен тәрбие жұмысына жауапты тұлғалар қатысты. Құрылым басшылары факультеттегі оқу үдерісі мен оқу жоспарларының қалай жүзеге асырылатыны, университетте қабылданған рейтинг жүйесі, оқушы жастардың бос уақытының қалай ұйымдастырылатыны, ішкі тәртіп қағидаттары жайлы тұшымды баяндап берді. Университет құрамында жұмыс жасайтын жастардың қоғамдық ұйымдары, студенттердің ғылыми одақтары, көркемөнерпаздар үйірмелері мен спорт секциялары жайлы да сөз қозғалды. Кездесулер мен жиындарда жаңа буын студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға толымды жауаптар алды.

Болат ӘБЕНОВ,

Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға куратор-эдвайзері

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауына арналған кураторлық сағат.

29.05.2018

 Тобымыздың белсенділері Аида мен Тоғжанның Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы халыққа жолдаған жолдауын студенттерге таныстыстыруға арналған кураторлық сағаттан көріністер.

Ары қарай оқу >>

Ұстаз - ұлы тұлға

29.05.2018

Информатика кафедрасының ұйымдастыруымен факультеттік деңгейде Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік кеш өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Қош келдің ,Əз Наурыз!

11.05.2018

ҚазҰУ-дың Ақпараттық технологиялар факультетінің №8 жатақханасында айналаңды нұрландыр жобасы аясында "Қош келдің әз-Наурыз" атты іс шара өткізілді.

Жауапты: ақпараттық жүйелер кафедрасынығ куратор-эдвайзері Б.С.Омаров

Ары қарай оқу >>

«Айналаңды нұландыр жобасы аясында ақын Бауыржан Жақыппен кездесу «...Даланың даусы болып жеткен ақын»».

11.05.2018

Кездесу ақын өз өмірінде орын алған тәрбиелік мәні бар оқиғаларын студенттермен бөлісті. Ақынның шығармашылығынан өлеңдер оқылып, кездесуге келген қонақтар күй тартып, әндетіп біз секілді жас мамандар мен студенттерге рухани азық боларлық дүниелерді сыйлады.

Ұйымдастырушы: ақпараттық жүйелер кфедрасының аға кураторы Абенов Б.К.

Ары қарай оқу >>

28 саябақшы Панфилов паркке барады

07.05.2018

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңындағы

Ауданы 18 гектарды құрайтын, тарихымыздан ойып тұрып орын алатын және республикамыздың көркем де сұлу табиғаты мен көзге түсерлік әдемі жерлері бар Алматы қаласында орналасқан 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябаққа барғандағы сәттер

Ары қарай оқу >>

Алма-Арасан шатқалына саяхат

05.05.2018

Бізді қоршаған орта, барлық тірі жандардың өмір сүру ортасы, Алла Тағаламыздың бізге берген сыйы бұл – Табиғат. Табиғат өзінің әсем көрінісімен кез-келген көздерді баурап алады. Оған дәлел Тәуелсіз еліміздің кереметтей табиғатының бір көрінісі – Алматы қаласы маңында орналасқан Іле Алатауының шырша жамылғысымен жабылған Алма-Арасан шипажайына тобымызбен шыққан саяхат.

Ары қарай оқу >>