Студенттерді қабылдау кеші
19.09.2019Ақпараттық технология факультетінің 1 курс студенттері! Сіздерді, ҚазҰУ көлемінде өтетін 1 курс студенттерін қабылдау кешінде факультет атынан вальс билеуге шақырамыз. Асығыңыздар!
Ақпараттық технология факультетінің 1 курс студенттері! Сіздерді, ҚазҰУ көлемінде өтетін 1 курс студенттерін қабылдау кешінде факультет атынан вальс билеуге шақырамыз. Асығыңыздар!
Құрметті студенттер және ұстаздар!
ҚазҰУ мен НИЯУ МИФИ Ресей университеті IT-бағыттар бойынша "Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" және "Ақпараттық жүйелер"бойынша қос диплом бағдарламасын іске қосады. НИЯУ МИФИ-түлектері Yandex, Касперский, SAP, Microsoft, HUAWEI және т.б. зертханаларын қоса алғанда, ірі әлемдік ІТ-компанияларында жұмыс істейтін Ресейдің ең үздік техникалық жоғары оқу орны. CTF-НИЯУ МИФИ командасы бүкіл әлемде қолданбалы ақпараттық қауіпсіздік бойынша ең ірі жарыстардағы жетістіктерімен танымал. SuperJob агенттігінің рейтингісіне сәйкес НИЯУ МИФИДІҢ IT-бағыттары түлектерінің орташа жалақысы 850 000 KZT құрайды.
Ақпараттық технологиялар факультетінің құрамындағы Ақпаратық жүйелер кафедрасында 2019 - 2020 оқу жылдарына магистратура бойынша "Есептеуіш лингвистика" деп аталатын жаңа халықаралық білім беру бағдарламасы ашылды.Тамыз айында бұл білім беру бағдарламасына жинақ өткен болатын, және соның нәтижесінде бұл бағдарламаны 7 магистрант таңдады.
https://www.facebook.com/fitkaznu
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттер сарайының алдындағы әл-Фараби алаңында "Қош келдің, әз-Наурыз" мерекесі басталды. «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасы мақаласының желісі бойынша университеттің көркем ұжымы дайындаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты музыкалық-театрландырылған қойылым өтіп жатыр. Бағдарламада қазақ даласының ұлы жетістіктері: атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия және аң стилі, Алтын адам және Ұлы Жібек жолы, Қазақстан Түркі әлемінің бесігі ретінде – ұлы ойшылдар мен ғалымдардың, алма мен қызғалдақтың отаны екені және қазақ мәдениетінің дәстүрлері көрсетілді.
2019 жылы 2-12 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да VI халықаралық Фараби оқулары өтеді.Алдыңғы қатарлы қазақстандық университетте жыл сайын ауқымды іс-шара өткізу жақсы дәстүрге айналды. Алты жыл ішінде Фараби оқулары ғылыми қоғамдастық пен әлемдік жоғары оқу орындары арасында танымал болып, халықаралық деңгейде аса белгілі болды.ҚазҰУ-дың 85-жылдығында Фараби оқулары аясында өткізілетін ғылыми халықаралық ауқымды шаралар қоғам, мемлекет және тұлғаны дамыту жаһандық мәселелерін шешуде шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш жігерін жұмылдыруға бағытталған.
Бүгін Ақпараттық технологиялар факультетінде "Мехматтағы музыкалық кештер" жобасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың 85-жылдығы мен Жастар жылына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті. Кеш қонақтары -- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 1-3 курс студенттері ұлттық өнеріміздің төресі -- күй орындап, адам өмірінің сәні мен мәні -- дәстүрлі әндер шырқады.
Ұйымдастырушы: ақпараттық жүйелер кафедрасының аға кураторы Абенов Б.К.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен болған 8-Наурыз халық аралық әйелдер мейрамына арналған концерттік бағдарламада Ақпараттық технологиялар факультетінің ер оқытушылары өнер көрсетті.
«Адами капитал - индустрияландырудың негізі 4.0» тақырыбындағы 49-халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция. Тақырыптар бойынша семинарлар: Зерттеу негізінде оқыту және оқыту, Бақылау білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері, ПР дамуына кешенді көзқарас: Бағдарламаның негізгі элементтерін үйлестіру. Күні: 14.02-15.02.20. Қатысушылар: Мусиралиева Ш., Бекетова А., Самбетбаева А., Абдрахманова М.Б., Байюсупова С.
#kaznu_information_systems
# kaznu_farabi2019
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, автоматтандыру және басқару мамандығының 18-7 тобында ақпанның 3 жұлдызында «Жетім көрсен жебей жүр» атты ашық тәрбие сағаты «Аманат» балалар үйінде өтті. Ашық тәрбие сағаты барысында студенттер балалардымен ортақ тіл табысып кетті.
Ұйымдастырушы: жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға кураторы Тлетай Ш. Т
Ақпараттық технологиялар факультетінде «Жас оқытушылар мектебінің» семинары өткізілді.