Жетім көрсең жебей жүр

03.02.2019

Көрулер: 2502

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, автоматтандыру және басқару мамандығының 18-7 тобында ақпанның 3 жұлдызында «Жетім көрсен жебей жүр» атты ашық тәрбие сағаты «Аманат» балалар үйінде өтті. Ашық тәрбие сағаты барысында студенттер балалардымен ортақ тіл табысып кетті.

«Жетім көрсең жебей жүр». Жалпы «Жетім» деген сөз қазақ халқына жат, дегенмен қазіргі таңда қоғамдағы ең бір етек алып отырған өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны ешкімге жасырын емес. Қазақстанда "жетімдіктің жас шамасына" қарамастан, мәселе күрделене түсуде. Сондықтан да, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қоғамның назарын жастарда қайырымдылық сезімін тәрбиелей отырып, апатқа ұшыраған өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеуде, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға аудару қажет. Біз "АМАНАТ"балалар үйіне бардық. 

Тәрбие сағаты: Жетім көрсең жебей жүр

Тәрбие сағатының мақсаты:

1. "Жетім" сөзінің мән-мағынасын аша отырып, студенттердің ұғымын кеңейту, өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту.

2. Жетім ақысын жемеуге, өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету, жетімге көмек қолын соза білуге дағдыландыру.

3. Жетімге құрметпен қарауға, жәрдем көрсетуге, мейірімділікке, ізгілікке, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, өмірді қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: бейнеқойылымдар, балаларға тәттілер, ойыншықтар.

 

Тәрбие сағатының барысы:

І Ұйымдастыру Сәлемдесу, танысу.

 

ІІ Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Сынып сағатының тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

«Жетім көрсең, жебей жүр» деп дана бабаларымыз жетім - жесірін жылатпаған. Адам баласының бәрінің баратын жері – біреу. Бірақ біреуге – ерте, біреуге кеш. Жастай үзілген жандардың артында еңіреп аяқтанбаған ұрпағы қалады. Тұл жетім қылған тағдырға дауа бар ма, ал қазіргі заманда жетімнен тастанды бала көп.

Жетімін жылатпауға Үкіметіміз барынша жағдай жасаған. Оларды жан - жақты қолдайтын заң да бар, қаржы да аямай бөлінуде. Жетімдер үйін аралап жүріп бұған көзіміз жетті. Бірақ қамкөңіл жандардың әлі де барлық мәселесі шешілді деп айтуға болмайды.

Бүгінгі «Жетім көрсең жебей жүр» атты ашық альбом сағатымызда осы мәселелерге кеңінен тоқтала кетуді жөн көрдік.

 

1 - студент:

Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?

Қайратыңды жігерге жанығандай.

Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып

Достықтарың жарасып дәл осылай.

 

2 - студент:

Шыдамдыны мына өмір ұнатады,

Бірде қуантып, бірде жылатады,

Сүріндіріп кейде сені құлатады.

Жылатып тұрып жұбатады.

Дұшпандарға кейде сені сынатады,

Қатал тағдыр бірақта шыдатады,

Мына өмір бірақта қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.

 

3 - студент:

Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу.

Өмір деген – алланың берген сыйы. Өмірдің ащы да, тәтті кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы, жарқын өмір сүруі тиіс. "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа, жетім балалар үйін көре отырып, әлі де ойланбайтын адамдар көп екеніне көз жеткіздік.

 

Ұйымдастырушы: жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға кураторы Тлетай Ш. Т