Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт алаңдарында қаңтардың 6-11 қаңтар күндері аралығындағы биылғы Спартакиаданың спорттық ойындарына университетте қызмет істейтін 500-ден астам адам қатысуда

10.01.2020

Жыл сайын жаңа жылдың алғашқы апталарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, "Парасат" кәсіподағы қызметкерлерінің және ҚазҰУ-дың спорт клубының ұйымдастыруымен, оқытушы-профессорлар құрамының, қызметкерлердің және докторанттардың денсаулықтарын шынықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Денсаулық" спартакиадасы өтеді.

Ары қарай оқу >>

"Ана тілі аруы және Жігіт сұлтаны 2019"

05.12.2019


   Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қаласының белсенді әрі бірлігі жарасқан Студенттер Сенатының жыл сайынғы ұйымдастыруымен өтетін "Ана тілі аруы және Жігіт сұлтаны 2019" мега жобасының ақтық мәресі де таяп қалды. Қазақтың ұлттық құндылықтарын ұлықтап, туған тілдің тұғырын асқақтатушы, қазақы тәрбиені бойына сіңіріп, ата дәстүрден аттамайтын аруымыз бен сұлтанымызды бізбен бірге анықтауға мүмкіндігіңіз бар

 

Өтетін орны: Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы
Өтетін күні: 5-шi желтоқсан
Өтетін уақыты: 17:00.

Ары қарай оқу >>

Microsoft EdVision 2019 халықаралық конференциясы

21.11.2019

     Microsoft EdVision 2019 халықаралық конференциясы аясында Microsoft компаниясы мен ҚазҰУ арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың сандық трансформация саласындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге шығаруға бағытталды. 

Ары қарай оқу >>

Елбасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорын қабылдады

13.11.2019

    Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтановты қабылдады, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы баспасөз-қызметі хабарлайды.
Кездесу барысында Елбасы жоғары оқу орнын одан әрі дамытудың және халықаралық беделін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Ары қарай оқу >>

Тот самый КВН

07.11.2019

        Құрметті студенттер!   

    Сіздерді «Тот самый КВН» шоуына шақырамыз. «Seka vines», «Ирина Қайратовна», «Патруль», «Азия mix» және басқа да көптеген командалар болады.

Сіздерді 8 қараша 19: 00-де Студенттер сарайында күтеміз!

Ары қарай оқу >>

"1 - курс таланттары - 2019"

01.11.2019

    Құрметті достар, барлықтарыңызды жыл сайын өтетін "1-курс таланттары" байқауының Гала концертіне шақырамыз. Келіп факультетіміздің таланттарына қолдау көрсетейік

 

Өтетін орны: Жолдасбеков сарайы

Күні: 01.11.2019
Уақыты: 16:00

Ары қарай оқу >>

ҚР Президенті Қ. Тоқаев ҚазҰУ-да болды

29.10.2019

   Еліміздің жетекші университетіне сапары барысында Қазақстан Республикасының Президенті ҚазҰУ-дың цифрлық технологияларды енгізудегі жетістіктерімен, іскерлік құзыреттіліктерді дамыту кластерімен, "Ситуацияны басқару орталығының" және СҚКО "Керемет" жұмысымен танысты.

Ары қарай оқу >>

"Ана тілі аруы - Жігіт сұлтаны 2019"

19.10.2019

Құрметті әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің СҰЛТАНДАРЫ! Сіздерді Студенттер Сенатының дәстүрлі іс – шарасы, жобалардың жобасы болып саналатын, “Ана тілі аруы – Жігіт сұлтаны - 2019” сайысының Кастингіне шақырамыз! Егер сіз өзіңізді қазақи болмысқа ие, сегіз қырлы бір сырлы сері жігіт деп есептесеңіз, қара шаңырағымыздың абыройын асқақтатамын десеңіздер, онда біз сіздерді күтеміз! Қапы қалмаңыздар!

Өтетін орны: ҚазҰУ, “Керемет” СҚКО, 206 кабинет

Күні: 23/10/2019

Уақыты: 12:00 – 18:00

Ары қарай оқу >>

Университеттегі күзгі сенбілік

19.10.2019

Студенттер оқу ғимараттары мен жатақханалардың айналасындағы заттарды ретке келтірді - қоқыстарды жинап, құлаған жапырақтарды жинап, тротуарларды тазалады. Бірлескен жұмыстар нәтижесінде университет аумағы ретке келтірілді. Сенбілікке қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз!

Ары қарай оқу >>

"ДЕКАН КУБОГЫ - 2019"

09.10.2019

   Құрметті АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР факультетінің жалынды студенттері!!! Сіздерді Ақпараттық технологиялар "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросы ұйымдастырғалы отырған КВН-нен "ДЕКАН КУБОГЫ -2019" жобасында КВН екінші мекеніңді ,өзіннің әзілкеш екеніңді көрсеткін келсе ІРІКТЕУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ.


Ары қарай оқу >>