Ислам және ұлттық құндылықтар

18.11.2022

Көрулер: 848

«Ислам және ұлттық құндылықтар»

 

2022 жылдың 18-қарашасында факультеттік шара ретінде «Ислам және ұлттық құндылықтар» тақырыбында «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының 2 курс эдвайзері Ж.Б. Сабырбектің ұйымдастыруымен ашық кураторлық сағат өтті. Іс-шараға философия, саясаттану және дінтану институты, Дінтану орталығының директоры - Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы мен аталмыш орталықтың ғылыми қызметкері, исламтанушы, PhD докторант – Қалдыбеков Нұрбол Сейілбекұлы
қатысты. Кездесуде жалпы діннің адам өміріндегі маңызын, қазіргі таңдағы біздің қоғамдағы діни ахуалдың жәй-жапсары туралы, сонымен қатар ұлттық құндылықтарымыздың қандай маңызы бар екенін спикерлер жан-жақты талқыға салды.

Кездесуде жалпы діннің адам өміріндегі маңызын, қазіргі таңдағы біздің қоғамдағы діни ахуалдың жәй-жапсары туралы, сонымен қатар ұлттық құндылықтарымыздың қандай маңызы бар екенін спикерлер жан-жақты талқыға салды.

«Дінді ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» деген тезистің төңірегінде әртүрлі ағымдардан қалай сақтануға болатынын нақты мысалдармен түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, студенттерге елімізде тыйым салынған діни топтар туралы толық мәлімет берілді. Дінге байланысты ресми ақпарат көздерін қайдан алуға болады және тура жолдан адасқан жағдайда қандай мекемелерге хабарласу керектігі секілді өте пайдалы кеңестер берілді. Кездесу соңында студенттердің дінге байланысты мазалап жүрген сұрақтары талқыланып, қойылған сұрақтарға құнды жауаптар берілді.

Аталмыш іс-шара - студент жастардың діни сауаттарын толықтыруға, сонымен қатар, студенттердің ата заңымызда айтылғандай зайырлы мемлекеттің көркеюіне үлес қосуға деген құлшыныстарын арттыруға өз септігін тигізеді деп сенеміз. https://www.instagram.com/reel/ClQAEdlIDQR/?igshid=OTRmMjhlYjM