«Қазақстан туған елім, ұлы өлкем»

20.10.2022

Көрулер: 977

«Қазақстан туған елім, ұлы өлкем»

 

20.10.2022 ж. сағат 17.00-де ҚазҰУ кітапханасының «Абай» залында куратор-эдвайзер С.А. Кошкимбаева және ҚДС 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен 25-қазан Республика күніне орай «Қазақстан туған елім, ұлы өлкем» атты факультеттік шара өтті. 

Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алған күнінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері баяндалған бейнебаян, презентация, сұрақ-жауап, Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін конкурстар өткізілді. Дәстүрлі домбырада күміс күй тартылып, әсем ән айтылды. Ұлттық би билеп, көркем сөз оқылды.

Бұл шараның негізгі мақсаты: студенттердің Елтаңба, Ту, әнұран, ұлттық құндылықтар туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Студенттерді Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, Туды, Елтаңбаны, Әнұранды қастерлеп құрметтеуге,халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/reel/CkI7vA9uBRS/?igshid=MDM4ZDc5MmU