«ӨМІР ҮШІН ИНТЕГРАЦИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

23.09.2022

Көрулер: 722

«ӨМІР ҮШІН ИНТЕГРАЦИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

 

2022 жылғы 23-24 қыркүйекте ҚазҰУ-де төтенше жағдайлар кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылға жақындатылған арнайы тактикалық оқу-жаттығулармен «Өмір үшін интеграция» атты халықаралық конференция өтті. Аталған іс-шараларды Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Қызыл Жарты ай қоғамы, Алматы қаласы әкімдігінің Құтқару орталығының қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Медицина және денсаулық факультеті мен «Ұлттық Медицина Қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылды.

2022 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 8:30-да арнайы тактикалық оқу-жаттығуларды ұйымдастыру үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу корпустары, профессор-оқытушылар құрамы, құтқару техникасы, өрт сөндіру техникасы, медициналық техника жұмылдырылды. Тактикалық міндетке сәйкес биік ғимараттардан адамдар мен зардап шеккендерді эвакуациялау, сондай-ақ өрттерді сөндіру, жол апатынан кейін зардап шеккендерді автокөліктен шығару жүзеге асырылды. Орнатылған шатырларда медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, шұғыл және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша көрнекі жаттығулар өткізілді. Зардап шеккендерді сұрыптағаннан кейін ең ауыр науқастар жедел-жәрдем көлігімен Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, онда зардап шеккендерді сұрыптап және оларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді. 

2022 жылғы 23 қыркүйекте сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының алдындағы орталық алаңда «Әлем дәрігерлері бейбітшілік үшін» акциясына арналған флешмоб өтті. Бұл акция челленджді бастады, осы бастама туралы Қазақстан дәрігерлері 6 қазанда Берлин қаласында өтетін Бас Ассамблеясында  Дүниежүзілік Медициналық Қауымдастыққа жүгінді.

 Халықаралық конференция жұмысына ректор ф.ғ.д., Ж.Қ. Түймебаев, ҚР ТЖ министрі генерал-майор Ю.В. Ильин, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алыс және жақын шетелдердің қатысушылары, түрлі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.

Аталған конференцияның мақсаты, үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың, түрлі ұйымдар басшыларының назарын денсаулық сақтау жүйесінің әртүрлі сипаттағы ТЖ-ға дайындығы мәселелеріне, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аудару болып табылады. https://www.instagram.com/reel/CjQL8bNswIp/?igshid=OTRmMjhlYjM