Айналанды Нұрландыр атты жоба аясында 100 ге жуық ақ қайын отырғызылды

03.05.2022

Көрулер: 1072

  1-Мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күні қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық Университетінің Медицина және Денсаулық Сақтау факультеті, Жоғарғы медицина мектебі, Іргелі медицина кафедрасы мен "Жасыл экономика" басқармасымен ұйымдастырылған Айналаңды Нұрландыр атты жоба аясында 100 ге жуық ақ қайың отырғызылды.

Қазіргі таңда экологиялық білім беру практикалық тұрғыда бекіте отырып, студенттерді экологиялық мәдениетке, жалпы сана мен тәрбиенің рухани құндылықтарына баулу, жан-жақты дамыған болашақ дәрігерді, оның сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал етудің басты мақсаттарының бірі болып табылады.

      

 

 

Жоба ел Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың «Ең қымбат – Тәуелсіздік» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмасына сәйкес, көркейту және экологиялық ағарту мақсатында ұйымдастырылды.

Көшеттерді отырғызуды ұйымдастырушы: іргелі медицина кафедрасының оқытушысы, ревматолог Далибаева Г.К. сонымен қатар кафедра профессоры, м.ғ.д., Кульниязова Г.М., акушер-гинеколог Асқар С. және 21-01 KAZ, 21-01 орыс, 20-01,20-03, 20-05 KAZ, 21-17 ағылшын топтары студенттерімен Жасыл қор мониторингі және басқару бөлімінің бас маманы Қабиденов М.А.-ның бас жетекшілігімен өткізілді.