Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған II Халықаралық Студенттер және Жас ғалымдардың онлайн-конференциясы: «Тәжірибеден жобаға»

30.04.2022

Көрулер: 938

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Медицина және Денсаулық сақтау факультетінің Жоғарғы Медицина Мектебі. (Алматы, Қазақстан) Конференция серіктестері: • University of L'Aquila (L'Aquila, Italy) • International Research, Education & Training Center (Baku, Azerbaijan)

КОНФЕРЕНЦИЯ МАҚСАТЫ: - тәжірибе мен идея алмасуға арналған халықаралық жастар веб-алаңын құру; - карантин жағдайында студенттер арасындағы ғылыми зерттеулердің үздіксіздігі; - бірінші курс студенттері арасында ғылыми зерттеулерді популяризациялау; - ортақ ғылыми жобаларды, стартаптарды құруды талқылау мүмкіндігі. Өткізу күні: 10-11 желтоқсан 2021 жыл. Өткізу орны: онлайн (толығырақ конференция бағдарламасында). Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, орыс.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРМЕН БАЙЛАНЫС:

• Тезистер мен өтінімдерді қабылдау: Ментай Айтжан: +7 775 604 01 58. Электронды пошта: higherschool2021@gmail.com

• Баяндамалары бойыншы секцияларға бөлу: Галия Несипбекова +7 702 295 46 81. Электронды пошта: nesippbekova.galiya@med-kaznu.com

• Қатысушыларға сертификат: Айгерим Оразбеккызы +7 775 911 13 99. Электронды пошта: Orazbekkyzy.aigerim@med-kaznu.com

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

Конференцияның бірінші күні: № Секциялар Қатысушылар 1 Іргелі пәндер саласындағы зерттеулер (морфология, патофизиология, Биохимия, эксперименттік пәндер және т. б.) Бакалавр студенттер, интерндер, резиденттер 2 Клиникалық медицина және фармация саласындағы ғылыми жетістіктер Бакалавр студенттер, интерндер, резиденттер 3 Инновациялық жобалар мен startup нәтижелерінің аңдатпасы. Постерлік секция Бакалавр студенттер, интерндер, резиденттер 4 Жаратылыстану-ғылыми зерттеулер саласындағы медициналық ынтымақтастық Бакалавр студенттер, интерндер, резиденттер 5 Жас ғалымдардың ғылыми пікірталастарына арналған дөңгелек үстел (тек ағылшын тілінде) Магистранттар, докторанттар, пост докторанттар

 

ҚАТЫСУ ФОРМАСЫ ✔ конференцияның электрондық жинағында тезистерді жариялау, кейіннен тезисті комментарийлер форматында талқылау; ✔ баяндамашы ретінде онлайн-конференцияға қатысу (бейнеконференция режимінде); ✔ онлайн-конференцияға (мастер-классты қоса алғанда) тыңдаушы ретінде қатысу. КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ Конференцияға ғылыми тезистің авторы ретінде қатысу үшін өтінімді толтыру қажет (өтінім формасы хаттың соңында берілген). Тезистер мен өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 20 қарашасын қоса алғанға дейін жүзеге асырылады. 2021 жылғы 2 желтоқсанға дейін қатысушылар материалдарды жариялауға қабылдау туралы хабарлама алады. Конференцияны өткізу тәртібі туралы толық ақпарат конференция бағдарламасында көрсетіледі. Бакалавриат, интернатура және резидентура студенттерінің үздік ғылыми зерттеулері жүлделі орындармен (1, 2, 3) – ақшалай сертификаттармен марапатталады. ТЕЗИС ЖАЗУ ТАЛАПТАРЫ Тезис атауы - бас әріптермен, Times New Roman, 12 шрифтімен, Microsoft Word мәтіндік редакторында терілген болуы тиіс. Автор (лар) туралы мәліметтер - авторлардың ТАӘ, ұйымның атауы, электрондық поштасы. Тезис мәтіні - тезистің көлемі 1 беттен аспауы тиіс. Формулалар MS equation 3.0 формула редакторында немесе MATH TYPE бағдарламасында болуы шарт. Тезистерде графиктер, кестелер, суреттер немесе фотосуреттер болмауы керек. Бет өрістері келесі көрсеткіштерге сәйкес келуі керек: ✔ барлық өріс – 20 мм ден; ✔ жоларалық интервал – дара (одинарный); ✔ азат жол - 1 см Туралау (Выравнивание): бүкіл мәтін (атауы және тақырыпшалары бар) – ені бойынша. Конференцияны ұйымдастыру комитеті конференция жұмысының негізгі бағыттарынан тыс мәлімделген баяндамаларды қабылдамау және жоғарыда аталған талаптарды қанағаттандырмайтын тезистерді жариялау құқығын өзіне қалдырады. Ұйымдастыру комитеті тезистердің мәтінін өңдемейді. Өтінім және тезис мына мекен-жайға қабылданады: higherschool2021@gmail.com