«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы»
Көрулер: 1217
2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген «Ғылым қызметкерлері күні» отандық ғылымның нәтижелері мен жетістіктерін қорытындылайтын айтулы күнге айналды.Университетімізде бұл күннің бір қуанышты сәті – «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау.
Медицина және денсаулық факультетінің 2022 жылғы мақтанышы іргелі медицина кафедрасының оқытушысы Айгүл Әкімниязова көптеген сайыскерлер арасында жеңімпаз атанды.Жеңімпаздың дипломын ҚазҰУ ректорымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов табыс етті. Салтанатты шараға әл-Фараби Жансейіт Түймебаев модераторлық етті.Іргелі медицина кафедрасы Айгүл Нұрланқызын шын жүректен құттықтайды және оның жеткен жетістігі мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен қуанышты! Сіздерге жаңа асулар, салқын ғылыми ойлар және сарқылмас ынта тілейміз!






