Кафедраның кәсіби бағдар беру жұмысы.

13.05.2021

Көрулер: 1619

Бүгін, 2021 жылы 13 мамырда Zoom платформасында дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылары Алматы қаласының Республикалық спорт колледжінің түлектерімен онлайн кездесуі өткізілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты - колледж студенттеріне университетті саналы және дұрыс таңдауына көмектесу. Кездесу барысында колледж студенттері мамандыққа түсудің жаңа ережелерімен, сондай-ақ кафедра мен студенттердің тарихы мен жетістіктері таныстырылды.