Әділбек - «Баттерфляй» тәсілі бойынша Қазақстан Республикасының абсолютті рекордшысы.

27.12.2020

Көрулер: 2000

Мусин Әділбек - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті, жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2018 жылғы Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері, жастар арасындағы әлем чемпионатының финалисті, Қазақстан Республикасы Чемпионаты мен Қазақстан Кубогының бірнеше дүркін жүлдегері, халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері, «Баттерфляй» тәсілі бойынша Қазақстан Республикасының абсолютті рекордшысы.

 

2020 жылдың 27 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің«Жыл қорытындысы» іс-шарасында жүзу спортынан Қазақстан Республикасының Чемпионатындағы жетістіктері үшін Мусин Әділбек Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Кулгиновтің алғыс хатымен марапатталды.