Артур - бадминтоннан Қазақстан Республикасының 39 дүркін чемпионы.
13.12.2020
Көрулер: 2130
2020 жылғы 7-13 желтоқсан аралығында Шымкент қаласында бадминтоннан командалық-жеке Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Бұл спорттық шараға Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Түркістан, Қарағанды, Қазақстан Республикасының Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан ең жақсы спортшылар қатысты. Чемпионаттың қорытындысы бойынша «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс докторанты, бадминтоннан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Артур Ниязов ерлер арасында жекелей санатта да, ерлер арасындағы жұпта да чемпион, сонымен қатар аралас жұп категориясында қола жүлдегер атанды.
![]() |
|
|







