Мамандық жәрмеңкесі

10.03.2019

Көрулер: 1313

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дене шынықтыру және спорт кафедрасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Дене шынықтыру ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен белсенді жұмыс істейді. Ынтымақтастық аясында ҚР БҒМ ДШҰҒПО дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттеріне жыл сайын бос орындарға жәрмеңке өткізеді. Студенттер кеңестер алып қана қоймай, жұмыс таба алады. Сонымен қатар ҚР БҒМ ДШҰҒПО дене шынықтыру және спорт кафедрасының магистранттары ғылыми-тәжірибеден өтеді.