«Қайрат» футбол академиясының оқушыларімен кездесу

13.02.2020

Көрулер: 1674

ҚазҰУ Аль-Фараби және «Қайрат» футбол клубы арасындағы ынтымақтастық аясында, кәсіби бағдар беру мақсатында дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылары «Қайрат» футбол академиясының оқушыларімен және олардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастырды.

 

Презентация барысында университет өкілдері университеттің білім беру бағдарламалары және талапкерлерді қабылдау ережелері туралы ақпарат ұсынды, университеттегі оқу процесі және оның инфрақұрылымы туралы жан-жақты айтты. Кездесуде қатысушыларды «Спорт және сауықтыру фитнесі» инновациялық білім беру бағдарламасы қызықтырды.

 

Күннің екінші іс-шарасы, Академия түлектерімен бірге студенттерге өз мамандықтарын дұрыс таңдауға және жас спортшыларды ынталандыруға көмектесетін спорттық бейімділігі бар кинотерапия элементтерімен тренинг өткізілді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар:

Арещенко А.И. - профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы;

Мадиевa Ғ.Б. - п.ғ.к., доцент, дене тәрбиесі және спорт кафедрасының меңгерушісінің орынбасары;

Круговых И.И.- білім магистрі, дене тәрбиесі және спорт кафедрасының оқытушысы

Лавров А.В. - әлеуметтік ғылымдар бакалавры, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының магистранты.