Сатылған Алтынай - әйелдер күресінен 2020 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері

22.02.2020

Көрулер: 2101

22 ақпанда Дели қаласында (Үндістан) әйелдер күресінен Азия чемпионаты өтті. Әйелдер күресінде 57 кг салмақ дәрежесінде дене шынықтыру және спорт кафедрасының 3-курс студенті Сатылған Алтынай вьетнамдық Чи Хуонг Даоны 4: 2 есебімен жеңіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.