Қазақша күрестің дамуына еңбегі сіңген үшін Алғыс хат

20.12.2019

Көрулер: 3377

2019 жылдың 20 желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында, Қазақстан Республикасы қазақ күресі  Федерациясының Президенті Дәурен Абаев Жыл қортындысы марапаттау рәсімінде қазақ күресіне зор үлесін қосқан  үшін ҚР Федерациясының ғылыми-әдістемелік комитетінің төрағасы, "Берең балуан" киімінің авторы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының педагогика ғылымдарының докторы, профессоры Алимханов Елеместі "Алғыс хатымен" марапаттап, үлкен құрметпен иығына шапан жапты!