Халықаралық бокс жарысының алтын медалі

09.10.2019

Көрулер: 1590

2019 жылы 8 қазанда Өзбекстанда (Әндіжан) Валентин Золоторевті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир аяқталды. Жарысқа Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан боксшылары қатысты. Бұл жарыстарда 57 келі салмақта өнер көрсеткен Дене шынықтыру және спорт кафедрасының 3-курс студенті Абдыкадыр Дамир алтынға ие болды.