Халықаралық турнирдегі бокстан алтын

29.09.2019

Көрулер: 1525

2019 жылдың 28 қыркүйегінде Чехия астанасы Прагада Олимпиада чемпионы Джулиус Тормды еске алуға арналған бокстан 28-ші халықаралық турнир аяқталды. Жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі турнирге бес елдің - Үндістан, Қазақстан, Словакия, Чехия және Ресей боксшылары қатысты. Бұл турнирде дене шынықтыру және спорт кафедрасының 1 курс студенті Гладкова Мария 57 келі салмақта алтыннан алқа тақты!