Қоғамдық денсаулықтың Еуропалық аптасы

08.05.2019

Көрулер: 360

Медицина және денсаулық сақтау факультеті 2019 жылдың мамыр айының 13-нен 17-не дейін бүкіл Еуропа аймағында өтетін қоғамдық денсаулықтың Еуропалық аптасын өткізуге қатысады. Апта бойы бүкіл Еуропа мен Орталық Азияда физикалық белсенділік, денсаулық және қоршаған орта, созылмалы аурулардың алдын алу және денсаулық сақтау жүйесін зерттеу, пайдалы тағам және жастардың менталды денсаулығы сияқты бес негізгі сұрақтары бойынша мастер-класс, флеш-мобтар, дөңгелек үстелдер, семинарлар және пікірсайыстар жүргізілетін болады. Дене шынықтыру және спорт кафедрасы эпидемиология, биомедстатистика және и дәлелдік медицина кафедрасымен, ДШСК Салауатты өмір салты орталығымен бірге қоғамдық денсаулықтың мамандарының Орталық-Азия қауымдастығы мен қоғамдық денсаулықтың Еуропалық қоғамдастығының көмегімен 2019 жылдың 13 мамырында қоғамдық денсаулық сақтау аптасы шеңберінде спорттық іс-шара өткізетін болады. Іс-шараның ұраны: «Активті, дені сау және бақытты бол!». Басталуы сағат 15:00. Іс-шараның өткізілу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің түлектері аркасы. Барлық қатысам деушілерді шақырамыз!