«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттерінің Жазғы Жастар Олимпиадасында «алтын» жеңіп алған Глеб Брусенскиймен кездесуі.
Көрулер: 2289
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттерінің Жазғы Жастар Олимпиадасында «алтын» жеңіп алған Глеб Брусенскиймен кездесуі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің , Дене шынықтыру және спорт бөлімінің студенті, 2018 жылғы жазғы жастар олимпиадасында еліміздің абыройын қорғаған, велоспорт бойынша Қазақстан ұлттық құрамасында «алтынға» ие болған Глеб Брусенски, эпидемиология, биостатистика және дəлелді медицина кафедрасының «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттерімен кездесті. Гленб Аргентина астанасы Буэнес- Айресте веложарыс қалай өткендігі, конкурс барысында туындаған қиындықтар туралы айтып берді. Ол студенттерге спорттың физикалық денсаулығына ғана емес, адам ретінде жеке адамның дамуына да оң әсерін тигізетіндігін еске салды. Барлығымыз Глебке алдына койған мақсаттарына жету үшін табыс және спорттық мансабында керемет биіктерге жетуді тілейміз!
![]() |
![]() |








