Бердыбекова Иоланта дзюдодан Қазақстан чемпионатында қола жүлдеге ие болды

16.11.2018

Көрулер: 2842

2018 жылдың 11 қарашасынан 16 қарашасына дейін Астана қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан ҚР чемпионаты өтті. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Бердыбекова Иоланта 63 кг салмақ дәрежесінде қола медальді жеңіп алды. Чемпионатқа елдің барлық өңірлерінен және үш қаласынан 400-ден астам спортшы қатысты. Турнирдің негізгі ерекшелігі ерлер де, әйелдер де қатыса алды. Құттықтаймыз!