Трансұлттық қауіп-қатерлер, терроризм және қауіпсіздік мәселелері

12.11.2018

Көрулер: 3664

Трансұлттық қауіп-қатерлер, терроризм және қауіпсіздік мәселелері

     2018 жылдың 12-14 қарашасында Біріккен Ұлттар Ұйымының біздің заманымыздың жаһандық проблемаларын шешуде маңызды серіктесі болып табылатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттер дипломаттарының қатысуымен «Трансұлттық қауіп-қатерлер, терроризм және қауіпсіздік мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Қазақстан ИЫҰ-ға мүше 57 мемлекеттің бірі бола отырып, халықаралық аренадағы терроризмге қарсы күресте қатысады және бейбітшілікті сақтауда көшбасшы. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің медицина және денсаулық сақтау факультетінің эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының оқытушысы Кузиева Гульмира Дилмуратқызы ғылыми-педагогикалық бағыттағы 1-ші курс магистранттарымен бірге осы ауқымды іс-шараға барып, көптеген пайдалы ақпарат алды.