Жасөспірімдер Олимиадасындағы велоспортшының алтыны!

25.10.2018

Көрулер: 2225

Жасөспірімдер Олимиадасындағы велоспортшының алтыны! 2018 жылдың 06 қазанынан 18 қазанына дейін Буэнос-Айрес қаласында (Аргентина) Жазғы Жасөспірімдер Олимпиадасы өтті, онда «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті Брусенский Глеб командалық жарыста алтын медальді жеңіп алды. Барлық бес жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының велосипедшілері жасөспірімдер Олимпиадасында 418 ұпай жинап жеңіске жетті. Күміс жүлдегерлері Люксембургтен келгендер велоспортшылар, үшінші орынды Ұлыбритания командасы алды. Бірінші курс студентін құттықтаймыз!