Спорт саласындағы өзекті мәселелер бойынша Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

17.10.2018

Көрулер: 2814

2018 жылы 19 қазанда сағат 9-00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орталық кітапханасында, белгілі халықаралық спикерлердің қатысуымен «Жоғары жетістіктердегі спорттағы дүниежүзілік үрдістер мен инновациялар» атты спорт саласындағы өзекті мәселелер бойынша Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Осы спорттық іс-шараның аясында спорт, спорттық медицина және спорт менеджменті саласында бірқатар маңызды мәселелер көрсетіліп және қарастырылады:

• Бас жарақаттарының диагностикасындағы инновациялық тәсілдер мен технологиялар

• Спорттық кардиологиясы: функционалды диагностика. Асыражаттығу. Спортшының жағдайының спецификасын, жедел жәрдемді, классикалық қателерін бағалау ерекшеліктері.

• Спортшыларда жеке бейімдеу деңгейін, стресстік қарсылығын кешенді бағалау.

• Спортшылардың дене мүшелерінің функционалдық күйін жүктемемен диагностикалау технологиялары.

• Спортшының тамақтану мәселелері

• Спорттағы психология

• Допингке қарсы күрес

            Конференцияға қатысу ақысыз және міндетті түрде алдын ала тіркеуге сәйкес жүргізіледі.

            Міндетті түрде тіркеу телефондары: п.ғ.к., дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісінің орынбасары Мадиева Ғалия Баянжанқызы. Байланыс тел.: + 7-777-365-74-02, e-mail: gal-madiyeva@mail.ru

Іс-шараны ұйымдастыруға жауапты: м.ғ.к., спорт, спорттық медицина және реабилитация кафедрасының меңгерушісі: Исаева Жібек Серікқызы. Байланыс тел.: + 7-701-711-6328.

Конференция бағдарламасы