Жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен әлем чемпионаты аяқталды.
Көрулер: 3615
Жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен әлем чемпионаты аяқталды.
2018 жылдың 17-23 қыркүйегі аралығында Трнавада Словакия қаласында еркін күрес бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтті. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Ерғали Әлішер 92 келіге дейінгі салмақта поляк Матто Вроблески - 10: 4, оңтүстік кәріст Мёнон Шок Чу - 10:0, әзірбайжан Асхаб Хамзатова - 2: 0 және өзбек Мексуд Вайсалов - 11:2 жеңіп финалға шықты. Финалдық жарыста Ерғалиға жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы, сондай-ақ 2017 жылғы кадеттер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Аббас Али Форутанрамиди бой алдырмады 0:11. Осыған байланысты Ерғали еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Құттықтаймыз!
![]() |







