2018 жылғы 27 тамызда Азиадада қазақстандық су полосы командасы командалық есепте алтын жеңіп алды.

28.08.2018

Көрулер: 3351

2018 жылғы 27 тамызда Азиадада қазақстандық су полосы командасы командалық есепте алтын жеңіп алды. Команда құрамында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері Әубәкіров Мирас, Липилин Павел және Ахметов Руслан. Команда Сингапурдан келген қарсыластармен кездесті. Қазақстандықтарға матч еш бір қиындықсыз өтті. Ойын 15:4 есебімен біздің спортшылардың пайдасына аяқталды. Алғашқы ойында Қазақстан Оңтүстік Кореяны жеңді. Осылайша, су полосының ойыншылары Азиада чемпиондарының атағын сәтті қорғап шықты.