Қазақ-күресінен жаттықтырушы-оқытушыларға республикалық біліктілікті арттыру курстары
Көрулер: 3627
2018 жылғы 25 маусым мен 5 шілде аралығында Астана қаласында «Сарыарқа» республикалық велотрегінің ғимаратында Қазақ-күресінен жаттықтырушы-оқытушыларға республикалық біліктілікті арттыру курстары өтті. Курсқа мемлекетіміздің 14 өңірінен және 3 республикалық маңызы бар қаланың 84 жаттықтырушысы қатысты.Педагогика ғылымдарының докторы, дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Алимханов Елемес Алимханұлы «Спорт түрлері бойынша техникалық және тактикалық дағдыларды жетілдіру» және «Спорт түрлері бойынша жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындықтары» тақырыбтарына 72 сағаттық дәріс өткізді.
Аудиторияның маңызды бөлігі спорт мектебінің жаттықтырушыларына, ал қалғандары спорт клубтары мен басқа да спорттық ұйымдардың жаттықтырушыларына арналған.






