«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жазғы мектеп

16.06.2018

Көрулер: 3310

 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жазғы мектеп 

2018 жылдың маусым айының 11-і мен 15-ші жұлдызы аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің   медицина факультетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша «Дене белсенділігі және денсаулық» және «Кадис университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінің академиялық бағдарламасы: мақсаттары, әдістемесі, инновациялық және ғылыми-зерттеу қызметі, бағалау және кәсіптік бағдарлау» тақырыбтарында Кадис университетінің (Испания) Камилетти Даниель, Падилла Моледо, Суенса Гарсиа оқытушыларымен жазғы мектеп өтті. Сонымен қатар «СӨЖ» орталығының және дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушыларымен техникалық білім негіздері мен педагогикалық шеберлік бойынша тәжірибе алмасуға кездесу ұйымдастырылды. 

Жазғы метеп үйлестірушісі – Қамысбаева Джанар Қалабайқызы –ғылыми-инновациялық жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі дене шынықтыру және спорт кафедраының меңгерушісінің орынбасары.