Жұбатқан Сұңғат - дзюдодан Азия Кубогінің чемпионы!

24.06.2018

Көрулер: 3442

Жұбатқан Сұңғат - дзюдодан Азия Кубогінің чемпионы!

22 маусымда жасөспірімдер арасындағы дзюдодан Чолпон-Ата (Қырғызстан) Азия кубогінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті Жұбатқан Сұңғат алтын медальға ие болды.
20 жасар Сұңғат 66 келіге дейінгі салмақ категориясында төрт жекпе-жек жеңіп, чемпион атанды. Жарысқа қатысуға әлемнің 12 елінен 200-ден астам жас спортшыларды қабылдады. Спортшының жоспарында 2018 жылғы қазан айының 17 мен 21 аралығында Багам аралдарында өтетін дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсету. Құттықтаймыз!