«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша кадрлардың білімін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасында дәрігерлер мен медициналық ұйымдардың құқығын қорғау» тақырыбында жазғы мектеп өтті. Жазғы метеп

09.06.2018

Көрулер: 4156

2018 жылдың маусым айының 4-і мен 9-шы жұлдызы аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің   медицина факультетінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша кадрлардың білімін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасында дәрігерлер мен медициналық ұйымдардың құқығын қорғау» тақырыбында жазғы мектеп өтті. Жазғы метеп жұмысына травматология, ортопедия (Астана қаласы) , онкология, радиология, Қазақ медициналық Үздіксіз білім беру университеті, «Эмили » медициналық колледжі, Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Тұран университеттерінің дәрігерлері, ғалымдары, заңгерлері , мұғалімдері және магистранттары қатысты.

Жазғы метеп үйлестірушісі -Мауленова Бахыт Нүсіпқызы- Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде саясат және денсаулық сақтау ұйымы кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты.

Мәдени шаралардың шеңберінде Жазғы мектепке қатысушылар Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында өткен Вердидің «Риголетто» операсын тамашалады.