2018 жылдың 31 мамырында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға әр түрлі мамандық бойынша ресми сапармен Хэнань Университетінің (Қытай) өкілдері келді.
Көрулер: 3874
2018 жылдың 31 мамырында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға әр түрлі мамандық бойынша ресми сапармен Хэнань Университетінің (Қытай) өкілдері келді. Келген өкілдердің арасында Хэнань Университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Чжан Дачао да болды. Бұл сапар аясында Хэнань Университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Чжан Дачао мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Дилмаханбетов Ермек Қырғызбайұлымен кездесу ұйымдастырылды, сонымен қатар спорткешен мен Д.Баландин атындағы жүзу бассейіне шолу экскурсиясы жүргізілді. Сапардың мақсаты - дене шынықтыру және спорт саласындағы серіктестікті дамыту және ынтымақтастық мәселелерін реттеу болып табылады. Қытай делегациясының өкілдері жылы қарсы алу мен достық қарым-қатынасқа ризашылығын білдірді.
![]() |
|
![]() |
![]() |









