2018 жылдың сәуір айының 5 мен 8 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің спорттық базасында V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ОҚУЛАРЫНА арналған ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФИТНЕС КОНГРЕСС (INTERNATIONAL FITNESS PROCONGRESS) іс-шарасы өткізілді.

05.04.2018

Көрулер: 2144

2018 жылдың сәуір айының 5 мен 8 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің спорттық базасында V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ОҚУЛАРЫНА арналған ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФИТНЕС КОНГРЕСС (INTERNATIONAL FITNESS PROCONGRESS) іс-шарасы өткізілді.

Ұйымдастырушылар Фитнес FitnessPRO мектебі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті (Медициналық факультет – Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің дене шынықтыру және спорт, биомедстатистика және дәлелді медицина кафедралары).

Конгресстің негізгі іс-шаралары:

           - «Кинезиология, жеке жаттықтырушының жұмысын қалпына келтіру. Сколиоз» семинары.

- «CycleSchwinn» семинары.

- «Fitness конвенция» шебер сыныбы.

- «Dance конвенция» шебер сыныбы.

- «Aqua конвенция» шебер сыныбы.

- Воркшоптар (Aqua /Dance/ Fitness).

- Сайкл марафон

Семинарлар мен шебер сыныбтарын ең мықты фитнесс-презентерлер жүргізді:

Michal Kurpet (Польша), Israel Mallebre (Испания), Дмитрий Горковский, Иван Мзареули, Мария Симашова, Александр Ошкин, Наталья Колесникова, Василий Волков (Ресей), Александра Жаркова, Франк Вальдес Лопес (Қазақстан), Татьяна Салатина, Василий Горелик (Қазақстан).

Презентерлердің ауқымды шоуында, музыканың күшті ағынымен фитнес индустрияның бірегей, ең жаңа әдістемелері көрсетілді.

         Басты фитнес көрсетілімде 1000-нан астам қатысушы қатысты.