әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Мұтанов Ғ.М пен Северанс Госпиталінің бас директоры Ли Бён Сок мырзаның кездесуі.
Көрулер: 3567
16.05.2018 ж. Биомедстатистика және дәлелді медицина кафедрасының оқытушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Мұтанов Ғ.М пен Северанс Госпиталінің бас директоры Ли Бён Сок мырзамен кездесуіне қатысты. Кездесу барысында Северанс Госпиталінің бас директорына «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрметті докторы» атағы беріліп сыйлық табысталды. Северанс Госпиталі ұйымының делегациясынан басқа, Ёнсе Университетінің Жаһандық қатысу және өкілеттіктерін арттыру мен мүмкіндіктер институтының Бас директоры Мэнгсей Сон келді. Кездесу соңында әл-Фараби атындағы мен ҚазҰУ мен Ёнсе Университетінің Жаһандық қатысу және өкілеттіктерін арттыру мен мүмкіндіктер институтының арасында меморандумға қол қойылды.
Биомедстатистика және дәлелді медицина кафедрасы.







