Жаңалықтар

Қазіргі бессайыс бойынша Халықаралық турнир

10.10.2018

Қазіргі бессайыс бойынша Халықаралық турнир

2018 жылдың 5-8 қазан аралығында Бішкек қаласында (Қырғызстан) үш мәрте әлем чемпионы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері Юрий Хоришко еске алуға арналған заманауи бессайыс бойынша халықаралық турнир өтті. 

Ары қарай оқу >>

Медициналық мектеп оқытушылары, студент, интерн, резидент және медициналық жоғары оқу орындарының түлектері үшін IFOM (International Foundation of Medicine) және USMLE (United State Medical Licensing Exam) дайындығы үшін оқыту семинары

25.09.2018

Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Western Consulting - пен бірге біріге отырып (Kaplan Medical ресми өкілі ретінде) медициналық мектеп оқытушылары, студент, интерн, резидент және медициналық жоғары оқу орындарының түлектері үшін IFOM (International Foundation of Medicine) және USMLE (United State Medical Licensing Exam) дайындығы үшін оқыту семинарын жүргізеді.

Семинар Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ ішінде лицензиясы бар медициналық емтиханға (IFOM и USMLE) дайындайтын Халықаралық орталық құру мақсатында жүргізіледі.

Семинар осы емтиханды тапсыру үшін түлектер мен студенттерді дайындауға мамандырылған АҚШ медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысуымен жүргізіледі.

Семинар барлық пән бойынша дәрістердің кіріспелі бағамын қамтиды. Дәріс оқушы IFOM және USMLE дайындығына байланысты барлық ұйымдастырушылық сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар оқуды ары қарай жалғастырамын деушілерге дайындалу стратегиясы бойынша жеке кеңес жүргізіледі.

«IFOM және USMLE дайындалу әдістемесі» біліктілігін жоғарылату бойынша куәлік алумен оқуды өтемін дейтін ПОҚ үшін арнаулы дәрістер қарастырылған.

Семинар тілі - ағылшын.

Өткізілу орны: Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ

Күні: 8-12 қазан.

Медицина жоғару мектебі

Ары қарай оқу >>