Факультеттің 1 курс докторанттарына арналған семинар

26.09.2023

Көрулер: 364

13.09.2023 ж. география және табиғатты пайдалану факультетінде бағдарлау апталығы аясында факультеттің 1-курс докторанттарына арналған семинар өтті. Бұл семинар факультет докторанттарына ТДМ 4 – сапалы білім беру міндеттерін көрсететін PhD докторанттарды даярлау үдерісімен танысуға мүмкіндік берді. Ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі деканның орынбасары А.А. Рысмағамбетова доктранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі критерийлерімен таныстырды. Семинар барысында докторанттар портфолиосын дайындау, докторанаттың жеке жұмыс жоспарын уақтылы жаңарту және портфолиодағы мақаланың көшірмелерін; ғылым (https://science.kaznu.kz) және ORCID ID (https://orcid.org/) базаларда жарияланымды уақтылы жаңарту мәселелері талқыланды.