«ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ» жобасы аясында география және табиғатты пайдалану факультетінде атаулы мақсаттар аясында профессор-оқытушылар құрамының жетекшілігімен дәрістер өткізілді

18-қыр-23

Көрулер: 344

2023 жылдың 8 қыркүйегінде география және табиғатты пайдалану факультетінде ТДМ бойынша дәрістер өткізілді, оған факультет кафедраларының ОПҚ қатысты:

  • Көшім Ә.Ғ., г.ғ.д., профессор «Қазақстан Республикасындағы шөлейттену процестері: факторлары, салдары және проблемаларды шешу жолдары (ТДМ 13)»;
  • Б.ғ.д., ассоц. профессор Садырова Г.А., б.ғ.к., доцент Тәжібаева Т.Л. «Қалалардың экологиялық тұрақтылығы және халықтың биологиялық қауіпсіздігі (ТДМ 11)»;
  • Жүсіпбеков Д.К., г.ғ.к., доцент «Су ресурстарының болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету (ТДМ 6, ТДМ 14)»;
  • Тоқпаев Зуфар «Қазақстандағы климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес жөніндегі ағымдағы және жоспарланатын шаралар (ТДМ 13)»;
  • Абубакирова К.Д., а/ш.ғ.д., профессор «ТДМ 11 сәйкес тұрақты қалалар мен елді мекендерді қалыптастыру (Алматы агломерациясын құру мысалында)». 

Бұл іс-шара сауаттылық күніне орайластырылған. Бұл күн 1966 жылы ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының қарарымен белгіленді. Бұл күні 1965 жылы Тегеранда сауатсыздықты жою мәселелері бойынша Білім министрлерінің дүниежүзілік конференциясы ашылған еді.