Кафедра студенттері Сейсмология станциясын аралады

17.03.2023

Көрулер: 404

Наурыз айының 17 жұлдызында кафедрамыздың аға оқытушылары Қожахметова Үміт Қасымжанқызы мен Маженова Жанна Арипбайқызының жетекшілігімен кафедра студенттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология тәжірибе -әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесі, Сейсмологиялық станциясына барып қайтты. Студенттер институт қызметімен танысып, пайдалы ақпараттар алды. Станция қызметкерлері мекеменің барлық бөлімдерімен таныстырып, ақпараттар берді. Сонымен қатар, “Жер қыртысының флюидті режимінің зертханасымен” танысып, зертханаға шолу және жұмыс жасау барысын көрді. Зертхана меңгерушісі – PhD Есенжігітова Е.Ж. студенттерге арнайы дәріс оқыды. Зертхана институттың байырғы ғылыми бөлімшелерінің бірі болып саналады. 1990 жылы құрылған.