Табиғатпен бірге Жыр Көктем» атты ашық оқу тәрбие сағаты

19.04.2023

Көрулер: 656

2023 жылдың 17 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің (www.kaznu.kz) «География және табиғатты пайдалану» факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ЮНЕСКО-ның Халықаралық күндері мен апталары бойынша 12-мамыр Халықаралық Өсімдіктерді қорғау күніне орай, экологиядағы тұрақты даму мен адам тіршілігінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Табиғатпен бірге Жыр Көктем» атты ашық оқу тәрбие сағаты Халықаралық деңгейде өтілді. Іс шараға Түркия, Өзбекстан елі мен Қазақстандағы ЖОО-нан оқытушы-профессорлар мен экологтар қатысты.

Ұйымдастырушылар: Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушы-профессорлары: Дәрібаев Жұманәлі Еркінбекұлы, Құтжан Асқан Нұртайқызы, Қожақан Айгүл Кәріпжанқызы және факультеттің 1-курс студенттері