"Зілзала 2023" тақырыбында іс-шара өтті

09.03.2023

Көрулер: 602

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультеті, картография және геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен 09.03.2023 жылы «Зілзала -2023» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараға Түркия мемлекетінде болған жер сілкінісіне еліміздің атынан көмекке барған «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел құтқару жасағы (Алматы қаласы)» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері шақыртылды. Кездесуді кафедра меңгерушісі Айжан Асылбековнаның сөзімен ашылды. Кездесуге арнайы Қоңырбаев Маулен Жақанұлы-3 бөлім басшысы, Джауаров Олжас Дүйсебайұлы – 3 бөлім бас маманы, Асанбаев Бүркіт Серікұлы – 3 бөлім құтқарушысы қатысты.

/