I Халықаралық Фараби форумы аясындағы «Орнықты даму мақсаттарын имплементациялау: проблемалар мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы дөңгелек үстел

07.04.2022

Көрулер: 1738

2022 жылдың 7 сәуірінде география және табиғатты пайдалану факультетінің ұйымдастыруымен I Халықаралық Фараби форумы аясында «Орнықты даму мақсаттарын имплементациялау: проблемалар мен мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін географиялық ғылымдар саласындағы ғылыми мәселелер мен білім беру тәжірибелерін талқылау болды.

Дөңгелек үстел барысында табиғатты тұрақты пайдалану және жасыл экономика, тұрақты даму мақсаттарын имплементациялау үшін заманауи технологиялық шешімдер, техносфералық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, табиғи және антропогендік жүйелердің өзекті мәселелері, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін нексус тәсілінің рөлі мәселелері қозғалды.

Қатысушылар қоғам үшін өзекті тұрақты даму мәселелерін талқылап, алыс шетелдердегі, атап айтқанда Колумбия округінің университетіндегі (Вашингтон, АҚШ) әріптестерінің тәжірибесімен танысты.

Дөңгелек үстел қарары (резолюция) 07.04.22.pdf