«Геодезия, картография және кеңістіктік мәліметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

12.11.2020

Көрулер: 1842

 

"Геодезия, картография және кеңістіктік мәліметтер" туралы ҚР Заңын талқылауға арналған дөңгелек үстел. 12.11.2020 ж. Ұйымдастырушылар:
- Картография және Геоинформатика кафедрасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
- География және табиғатты пайдалану факультеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
- Қазақстан Геодезистер Одағы;
- "Геостройизыскания" ЖШС.
Дөңгелек үстел келесі бағыттар бойынша өткізілді:
- "Геодезия, картография және кеңістіктік мәліметтер" ҚР Заң жобасының концепциясы;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасы.
Іс-шара барысында келесі мәселелер талқыланды:  
-Осы Заңның қолданылу саласы; 
-Әлемдік тәжірибені және геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы заңдарды және кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы ТМД заңнамаларын талдау; 
-Геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асырудан туындайтын қатынастарды құқықтық реттеу; 
-Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі; 
-Заң жобасын қабылдаудың міндеттері; 
-Заң жобасы қабылданған жағдайда болжамды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдары.