Әл-Машанидың геология, математика, геометрия және механика ғылымының шыңына көтерілуі
Көрулер: 1855
Бүгін ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабиді қазақ халқына және әлемге танытуда үлкен үлес қосқан ғалым Ақжан Машанидің туған күніне орай "Әл-Фараби орталығы" және "Картография және геоинформатика" кафедрасының ұйымдастыруымен "әл-Машанидың геология, математика, геометрия және механика ғылымының шыңына көтерілуі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға кафедрамыздың оқытушы-профессорлар құрамы, кафедра студенттері және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Онлайн шараны модератор, кафедрамыздың профессері Хайни-Камаль Михайловна жүргізіп, шараға қатысушы ғалымдар, ұстаздар Ақжан Жақсыбекұлы туралы естеліктермен, құнды мағлұматтармен бөлісті.






