«Қазіргі әлемдегі Қазақстанның географиялық ғылымы» атты X Жандаев оқулары
Көрулер: 1875
11-12 желтоқсан күндері География және табиғатты пайдалану факультеті, Картография және Геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен “Қазіргі әлемдегі Қазақстанның географиялық ғылымы” атты Х Жандаев оқулары” Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы оффлайн және онлайн форматта болып өтті. Конференция факультет деканы В.Сальниковтың алғы сөзінен бастау алып, ғалым Мұқатай Жандаевтың жары Назира Бадретдинқызының және профессор Л.Веселованың ғалым туралы бөліскен естеліктерімен жалғасты. Мичиган технологиялық университетінің профессоры (АҚШ) Евгений Левиннің және өзге де алыс-жақын шетелдік ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. Конференцияға 100-ден астам оқытушы-профессорлар, студенттер мен магистранттар, жас ғалымдар қатысты. Атаулы шараның ғылым жолында жүрген әрбір ізденістегі жан үшін берер қазынасы биік жоба болды.






