Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігімен бірге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті 2018 жылдың 28-29 наурызында «5В060900-География» «5В060800-Экология» және «5В071100-Геодезия және картография»
28.03.2018
Көрулер: 3261
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігімен бірге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті 2018 жылдың 28-29 наурызында «5В060900-География» «5В060800-Экология» және «5В071100-Геодезия және картография» мамандықтары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы (РСПО) өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық қабілеттерін ашу, ең дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету; студенттердің зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу; қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды жұмылдыру; ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.