Республикалық студенттік пәндік олимпиада

13.03.2018

Көрулер: 4586

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігімен бірге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті 2018 жылдың         28-29         наурызында            «5В060900-География» «5В060800-Экология» және «5В071100-Геодезия және картография» мамандықтары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы (РСПО) өткізеді.

 Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық қабілеттерін ашу, ең дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету; студенттердің зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу; қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды жұмылдыру; ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.

 

 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР


Олимпиада тілдері: казақ және орыс.

Олимпиаданың тақырыптық бағыттары: -       География;

-      Экология;

-      Геодезия және картография.

Олимпиадаға      «География»,» «Экология» және «Геодезия және картография мамандықтары                                       бойынша                     оқитын, үш    студенттен құралған командалар қатысады.

 

ОЛИМПИАДА ЕКІ КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ:


1)      Өз университетінде өтетін кезең (2018 жылдың 1 қаңтарынадейін);

2)      Республикалық финалдық кезеңі (28-29 наурыз 2018 ж.).

Финалдық кезең – үш айналымнан тұратын командалар мен студенттердің (жеке есеп бойынша) ашық байқау:

*«5В060900-География» мамандығы бойынша:

-      бірінші айналым «Диалог» - командаларды таныстыру (5-7мин);

-      екінші айналым «Танымдық» - тесттік (20 тест сұрақтары) (40 мин) және практикалық тапсырмалар (10 практикалық тапсырма) (20 мин).

-      үшінші айналым «Өзіндік жұмыс» - «Ұлы Жібек жолының жаңа экономикалық белдеуі: мүмкіндіктер мен тәуекелдер» тақырыбында баяндама (презентация) дайындау және оны қорғау (10 мин).

*«5В060800-Экология» мамандығы бойынша:

-   Бірінші айаналым «Теориялық тапсырмалар» - тест тапсырмалары (20 тест сұрақтары) және практикалық тапсырмалар (5 есеп), 100 мин.

Ескерту:

  1. Олимпиаданың әр қатысушысында қалам (көк паста), қарындаш, сызғыш, өшіргіш және де инженерлі калькулятор болуы тиіс.
  2. Жұмыста корректор (штрих) қолданылатын болса, комиссия мүшелердің жеке есеп балын төмендетуге құқығы бар.

-   Екінші кезең «Жоба дайындау». «Тұрақты қалалар» тақырыбы бойынша жобаның презентациясы.  (Әр команда 5-7 минут ішінде жобаны қорғауы тиіс).

Ескерту:

  1. Жобаның презентациясы тек PPT және PPTX форматында ғана қабылданады.
  2. Уақыттың тәртібі сақталмайтын болса, комиссия мүшелердің команданың жалпы балын төмендетуге құқығы бар.

* «5В071100-Геодезия және картография» секциясы бойынша:

-  бірінші айналым «Диалог» -командаларды таныстыру (5-7 мин). Командалар БАЙҚАУЫ

- екінші айналым «Көзқарас» өзіндік жұмыс. «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда геодезия мен картографияның рөлі» тақырыбында баяндама (презентация) дайындау және оны қорғау (5 мин). Командалар БАЙҚАУЫ

- үшінші айналым «Танымдық» - команданың ӘРБІР қатысушысы Геодезия; Фотограмметрия; Картография пәндері бойынша теориялық және практикалық тапсырманы жазбаша орындайды.  

Жоғарыда аталған пәндер бойынша тапсырмалар бір теориялық сұрақ және 2 практикалық тапсырмадан құралған, тапсырмаларды орындауға 180 мин. бөлінеді.

 

Командаларды таныстыру мен жобаны қорғау кезінде уақыт регламентін сақтамаған командаларға, комиссия мүшелері баллдарын төмендетуге құқылы.

 

Олимпиаданы өткізу тәртібі мен айналымдарды бағалау критерийлері «5В060900-География», «5В060800-Экология» және «5В071100-Геодезия және картография» мамандықтары                                            бойынша               Республикалық                          студенттік     пәндік олимпиаданың бағдарламасында көрсетілген (қосымша тіркелген).

РСПО ақтық кезеңін қорытындысын шығару кезінде комиссия мүшелері жеке есеп және командалық есеп бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Екінші «Танымдық» айналымы бойынша ең жоғары балл жинаған қатысушы жеке есеп бойынша жеңімпаз атанады. Үш айналым қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған топ командалық есеп бойынша абсолютті жеңімпаз болады.

Комиссия география және табиғатты пайдалану факультеті кафедраларының оқытушы-профессорлар құрамынан тұрады.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ


Командалар тіркелу үшін ЖОО-на келесі құжаттарды ұсынады:

Ø Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры т.ғ.д., профессор, академик Ғ.М. Мұтановтың атына жазылған қатысушының жеке өтініші;

Ø Ұсыныс (ЖОО-ғы кезең өтуі және нәтижелері туралы Факультеттің Ғылыми кеңесінің шешімі туралы мәжіліс хаттамасынан үзінді);

Ø Қатысушының тіркеу карточкасы;

Ø Команда жетекшісінің анкетасы (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі).

Секция жетекшілеріне олимпиада өткізілетін орында қатысушылар жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасын ұсыну қажет.

Команда мүшелерінде жекекуәлік      және     студенттік      билет      немесе      сынақ кітапташасының түпнұсқалары болуы шарт.

Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық шығындар (келу, кету, тамақтану, мекендеу) жөнелтілетін тараптар қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қонақ үйге орындарды алдын-ала брондау қажет болса, сұранымда хабардар етуді сұраймыз.

Құжаттардың электронды (сканерленген) көшірмесін 2018 жылдың 18 наурызына дейін келесі электронды пошталарға қабылданады:

«География» мамандығы

бойынша

Сарсенова Индира Бакитжановна

8 (727) 377 33 35 (вн: 14-87), +7 (708) 6755750 indira.sarsenova@gmail.com Indira.Sarsenova@kaznu.kz

  «Экология» мамандығы бойынша

«Геодезия    және    картография» мамандығы бойынша

Рысмагамбетова Айна Акановна 8 (727) 377 33 35 (вн: 16-04),

+7 (747) 5245212 Rysmagambetova1@gmail.com

 Мадимарова Гулмира Сурабалдиевна

Маженова Жанна Арипбаевна

 8 (727) 221-12-74 (вн: 12-74), +7 (707) 7878014

+7 (702) 1372212

madimarovagulmira69@gmail.com

Mazhenova@gmail.com

Өткізілетін орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғ. 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультеті, 6-корпус.

Ақпараттық хатқа тіркелген:

  1. «5В060900-География», «5В060800- Экология» және «5В071100-Геодезия және картография» мамандықтары бойынша Республикалық пәндік олимпиаданы өткізужоспары.
  2. Қатысушының тіркеу карточкасы.

Өткізу бағдарламасы

Сұраным