Австрия астанасы Венада «Biomass resources distribution and bioenergy technical potential in Kazakhstan: a GIS-based analysis» атты баяндаманың презентациясы
13.04.2018Ағымдағы жылдың сәүірдің 8-13 аралығында Венада (Австрия) Австриялық Ферералды Ғылым және Ғылыми зерттеу Министрлігінің жетекшілігімен «European Geosciences Union (EGU) General Assembly» атты жылсайындағы Халықаралық Географиялық конференция өтті. Бұл конференция геоғылымдар және қоршаған орта ғылымдары бойынша ең негізгісі болып табылады. Аталмыш конференция халықаралық сілтемелік индекстеріне қосылған (SCOPUS, Web of Scince, Elsevier) халықаралық ғылыми топ-журналдардың қолдауымен өтеді. Биыл конференцияға 13902 ғылмдар қатысты, олар дүниежүзі 107 мемлекеттерінен келген геологтар, геофизиктер, геохимиктер, геоморфологтар, климатологтар, географтар, геодезистер мен картографтар және т.б. Қатысушылар назарына ауызша және постер түрінде 15000 мақала ұсынылды.






