Жаңалықтар

Қонақ үйге экскурсия

16.10.2021

16 қазан күні оқытушы С.А. Моминов «Туризм» мамандығының үшінші курс студенттеріне Rahat Palace қонақ үйіне экскурсия ұйымдастырды. Қонақ үй бойынша таныстыру экскурсиясын сату бөлімі директорының орынбасары Абдуллаева Асем Аюповна өткізді. Экскурсия барысында студенттер әртүрлі санаттардан тұратын нөмірлік қормен танысты, сондай-ақ қонақ үй қызметі туралы қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Rahat Palace – бұл 1996 жылы ашылған халықаралық деңгейдегі алғашқы бес жұлдызды қонақ үй. Оңтүстік астананың қақ ортасында орналасқан қонақ үй терезелерінен Алатау тауының тамаша көрінісі ашылады.

Ары қарай оқу >>

RIXOS PRESIDENT HOTEL ASTANA БАС ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСУ

16.10.2021

2021 жылдың 16 қазанында халықаралық деңгейдегі «Rahat Palace Hotel» қонақ үйінің қабырғасында қонақ үй индустриясының маманы – Тарик Волкан Оскаймен бірге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Туризм» мамандығының екінші курс студенттері кездесу өткізді. Ол Capital Tower Development-тың даму жөніндегі Бас маманы, Оскай, Rixos President Hotel Astana Бас Директоры болып табылады. Кездесуді «Rahat Palace Hotel» қонақ үйі сату бөлімі директорының орынбасары Асем Абдуллаева ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағаты.

10.09.2021

Қыркүйек айының 10 жұлдызында сағат 18.00-де Картография және геоинформатика кафедрасының, Геоинформатика мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағаты өтті.

Ары қарай оқу >>